Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында адвокат Айман Омарова президентке жыныстық зорлық көрген кішкентай балалар туралы жағдайды айтып, қолдау сұрады, деп хабарлады Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Бүгін президенттің қатысуымен қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда танымал адвокат елдегі адам зорлау мәселесін қозғады.
Оның сөзінше, қазір жәбір көрген 9 баланың ісін қарауда. Барлығы да сексуалды зорлық көрген.
«Сарыағаш ауданындағы интернатта он үш жасар баланы бір жыл бойы зорлаған. Оны балалар «тесік» деп атаған. Жығылғанға жұдырық деп, Түркістан облысының соты зорлаған баланы ақтап жіберген. Өйткені интернатты жапқысы келмейді. Осы мәселеге көңіл аударуыңызды сұраймын», – деді Омарова Қазақстан президентіне.
Содан кейін Омарова Түркістан обылысы Арқалық іргесіндегі ауылда болған жаға ұстатарлық оқиғаны баяндады.
«Кішкентай ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған. Қазір ол іспен не болып жатқанын білмейміз. Ал қыз босанып алды. Полиция кінәлілерді қамаған да жоқ. Енді халықтың соңғы үміті – сот. Бәрі де сот әділетті болса екен деп ойлайды», – деді Омарова.
Халық сотқа сенуден қалған дегенді айтқан адвокат адам зорлау ісімен айналысатын арнайы департаменттер құру қажет екенін айтты.