Қазақстанда коронавирустық инфекциядан көз жұмғандар саны 166 адамға жетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі COVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Сенбіде, 27 маусымда, тағы сегіз науқас қайтыс болды. Құрбандар Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Дәл сол күні елордалық емханаларда тағы сегіз науқастың қайтыс болуы туралы хабарланған болатын.
Коронавирустан көз жұмғандардың ең үлкені 78 жаста, ең кішісі 44 жаста болған.
Жалпы, Қазақстанда коронавируспен 20 780 науқас тіркелді.