Шымкентте «адам органын заңсыз ауыстырған» бас дәрігер лауазымды қызметке келгеніне 6 жыл болыпты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкенттің полиция қызметкерлері ұстаған бас дәрігер Абылай Донбай Әбдужаппарұлы 1982 жылы 27 шілдеде Төле би ауданы Леңгір қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Бірінші дәрежелі хирург, трансплантолог. Еңбек өтілі – 10 жыл, басшылық қызметтерде жүргеніне 6 жыл болған. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Қазақ гуманитарлық және құқық университетінде магистратураны аяқтаған. 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында интернатурадан өткен. Түрлі жылдары тәжірибеден өткен.
2017 жылдың 4 шілдесінен бастап Шымкенттегі № 1 қалалық клиникалық ауруханаға хирург болып жұмыс істеген. Ал 2019 жылдың 13 наурызынан осы күнге дейін аурухананың бас дәрігері қызметінде болды, делінген клиниканың сайтында.
Еске сала кетейік, Шымкентте № 1 қалалық клиниканың бас дәрігері ұсталғанын жазған болатын.
Дәрігерге Қылмыстық кодекстің «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам органдарын заңсыз алу» баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айып тағылған.