Шымкентте медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын ұйымға айыппұл салынды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын «Эколайф Астана» компаниясы ереже бұзды. Қолданылған шприцтер, ампулалар, одан қала берді ота кезінде алынып тасталған адамның ішкі ағзалары арнайы пеште емес, жекеменшік аумақтарда өртелген.
Ережені бұзғаны үшін аталмыш компания «Өкілеттігін асырп пайдалану» бабы бойыншп әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 60 АЕК (151 500 теңге) айыппұл салынды.
Белгілі болғандай, ұйым бұған дейінде ережені бұзған екен. Енді экологтар кәсіпорын қызметіне тыйым салғызуды көздеп отыр.