Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылынан мемлекеттік бағдарламамен үй алған Евгений Перов отбасымен қабырғалары жарылып, құлауға шақ қалған баспанада тұруға мәжбүр екенін айтады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жетім бала статуcымен баспанаға әрең дегенде қол жеткізген отбасы енді кімнен көмек сұрарын білмей дал. Айтуларынша, отбасыға берілген баспана жаңа үй болғанымен құрылысы сапасыз. Жатын бөлмедегі жарылған қабырғадан ас бөлмені көруге болады. Үйдің саңлауларынан жел улеп әбден шаршаған жас отбасы қабырғадағы жарықтарды скочпен бітеп амалдап отыр.
«Жолдасым жетім бала болғандықтан мемлекеттік бағдарламамен кезегіміз келіп, 2017 жылы Қарғалы ауданы Қосестек ауылынан үш бөлмелі баспана берді. Біз қатты қуандық. Әкімдік 2-3 айдан кейін шақырып, бізге тек 69,1 шаршы метр болатын баспананың тиесілі екенін ескертіп, үйге жолдасымның інісі мен қарындасын тіркеу керектігін айтты. Біз келістік. Кейін інісі мен қарындасын баспана кезегінен шығарып тастады. Бірнеше рет көмек сұрап өтінгеннен кейін қарындасын ғана тіркеуден алды. Қазір ол қалада баспана кезегіне тұрды», – дейді Ирина Якоб.
Әкімдік үйдің құжатын отбасыға үш жылдан кейін ғана берген. Жаңа үйге кірген отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. Тұрғын үйге су құбырлары жүргізгеннен кейін қабырғалар жарыла бастаған. Барлық бөлмеде жарық бар.