Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы халықаралық деңгейге шықты. Бұл ретте Қазақстанның Ресейдегі елшісі Тасмағамбетов Абайдың «Қара сөздерінен» үзінді оқыды, хабарлайды Neonomad.kz.
«Қазақ ойлайды: бірлік – ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?», – деп бастаған Иманғали Тасмағамбетов Абай Құнанбаевтың 6-шы қара сөзінен үзінді оқыды.
«Мен поэзия эстафетасын досым Игорь мен Маралтай інімнен қабылдап, ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіне тоқталсам», – деп елші ақынның қара сөзін ерекше ықыласпен жеткізді.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергеннен эстафетаны қабылдап алған Игроь Крутой Абайдың өлеңінен үзінді оқып, эстафетаны Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовке жолдаған болатын.