Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қыз зорланды. 25 жастағы күдікті енді сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Шу ауданы Абай ауылында тағы бір жантүршігерлік оқиға орын алды. 25 жастағы жас жігіт кішкентай қызды зорлады деп айыпталуда. Қылмыстық іске қатысты екі томнан тұратын материал 2 қазанда сот өнідірісіне келіп түскен.
Оқиға үстіміздегі жылдың маусым айында болған. Алаңда ойнап жүрген кішкентай қызды күдікті көршісі үйге алып кеткен. Үш жастағы қыздың жанайқайын естіген адамдар көмекке жүгіріп, сол жерде қылмыскерді қолға түсірген. Полиция келгенше тұрғындар оны бағанаға байлап тастаған.
Күдікті Тараздағы тергеу изоляторына жіберілген.
Тергеу жұмысын Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысы мен прокурор бақылауына алды.