Ресейлік дәрігерлер 12 жасқа толмаған балаларға аспирин бермеуге кеңес берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Не үшін 12 жасқа толмаған балаларға аспиринді беруге болмайтынын Ресей дәрігерлері айтты.
«Ацетилсалицил қышқылы мен вирусты инфекцияның араласуы нәтижесінде балалардың ағзасында Рей синдромы қалыптасуы мүмкін. Бұл ауру баланың бауырын зақымдайды екен. Жас бала мұндай ауруға шалдығады деп ешкім ойламаса керек, сол себепті дәрігерлер алғашында бауырды тексеруге мән бермейді. Ал бұл синдром жеткіншектің өміріне аса қауіпті, тіпті өлімге де әкеп соғуы мүмкін», – деп айтты дәрігерлер.
Мамандардың айтуынша, аспирин мастықты қайтармайды, керісінше ағзаның улануын одан сайын күшейтіп жібереді.
«Былтыр қараша айында Ұлыбританиядағы Лид университетінің зерттеушілері аспирин мен эйкозапентаен қышқылы (ЕРА) ішек обыры қалыптасуы мүмкін деген емделушілердің ағзасында дертке алып келетін жасушаларды азайтуға көместеседі деп мәлімдеген болатын. Зерттеушілер Англияның 53 ауруханасынан 700 адамды іріктеп алып, оларға тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде еріктілердің денесіндегі обыр жасушалары аспирин қабылдаған болса, жиырма екі пайызға, ЕРА қабылдаса, тоғыз пайызға дейін төмендеген»,-деп айтты дәрігерлер.