Ақтауда патрульдік көлік Тойотамен соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 16 желтоқсан күні болған. «САК» құрылыс базарының ішінде ережебұзушыны тоқтатпақ болған полицейлер патрульдік көлігімен Toyota Camry-ге соққы жасаған. Сөйтіп ережебұзушы ұсталған. Сол сәт видеобақылау камерасына түсіп қалған.
Басылымның мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ.