Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Қылмыс

Ақтөбелік әйел кафеде омырауына жабысқан ер адамды итергені үшін сотталды

Қыркүйек 1, 2020
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Оқиға
Ақтөбелік әйел кафеде омырауына жабысқан ер адамды итергені үшін сотталды

Сурет: Жеке архивінен

Поделиться на Facebook

32 жастағы ақтөбелік тұрғын Жанат Иманғалиева әділдік іздейді. Жалғызбасты анаға байқаусызда адам өлтірді деген айып тағылған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Келіншек сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Тек алты жастағы жалғыз ұлының асыраушысы болмағандықтан жазаны өтеу мерзімі екі жылға кейінге шегерілген.

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

«Биыл 8 ақпан күні болған жайсыз жағдайдан кейін маған жала жабылды. Сол күні кешкілік құрбым екеуміз кафеге демалуға бардық. Билеп жүрген кезде ішімдік ішкен ер адам қайта-қайта қасыма жақындап, арыма тиетіндей іс қимылдар жасады. Бірнеше рет омырауымнан ұстауын қоймаған соң жай ғана итеріп жіберген болатынмын. Сол жерде ол адам құлап қалған. Мен әрі қарай жөніме кеттім, ішімдік ішкен адам болған соң көңіл бөлмедім.

Кейін маған полиция қызметкерлері хабарласты. Кафеде маған тиіскен адамның қайтыс болғанын айтты. Зауыт полиция бөлімшесіне барып түсініктеме жаздым. Өзім заңды білмеймін. Тергеушінің «ештеңе болмайды» деген сөзіне сендім. Сұрақтарына жауап беріп, қағаздарға қол қойғызды. Қасымда адвокат болған жоқ. Заң өкілдеріне жүгіну керектігін білген жоқпын. Кафеге барғанымды растап, ұятты жерімді ұстаған адамды итергенімді айттым. Қылмыстық бапты жазып, қолымды қойғызды», – дейді істі болған келіншек Жанат Иманғалиева.

Оқыстан болған оқиғаға қатысты іс сотқа жеткен. Сот үкімімен келіншек ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазаны орындау уақыты 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылды. Айыпталушыдан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынған. Сонымен қатар, жәбірленуші тарапқа 768 114 мың теңге материалдық залал және бір миллион теңге моральдық зиян төлеу сотпен міндеттелген.

«Мен жағдай бұлай ушығады деп ойламадым. Қалай ақталарымды білмеймін. Ол өлімге қатысым жоқ. Қиналғанымнан мешіттен көмек сұрап бардым. Имам адвокатқа жүгінуге кеңес берді. Адвокат іс қағаздарымен танысып, бірден сараптама қорытындысы менің итергеніммен сәйкес келмейтінін айтты. Себебі сараптама қорытындысында ер адам жарақатты маңдай тұсынан алған. Ал кафеде ол адам шалқасынан құлады. Физиологиялық түрде ешқандай сәйкестік жоқ. Мені сонда да қылмыскер деп танып, істі сотқа жіберді. Сараптамада тек маңдай тұсында ғана емес, ол адамның тізеден төмен жерінде, кеуде тұсында жарақат бар екен. Мен оған ондай жарақат жасаған жоқпын. Сәйкестік жоқ. Мүмкін ол адам кейін құлаған шығар», – дейді көмек сұраған келіншек.

Сот материалдарында марқұмның үйіне ессіз, үсті лас күйінде жеткізілгені айтылған. Оны таныстары үйіне көтеріп кіргізген. Көзге көрінетін жарақат болмаған соң қатты мас деп ойлап, ешкім көңіл бөлмеген. Таң ата ыңғайсыз дыбыстар шығарған соң жұбайы жедел жәрдем шақырады. Ауруханаға түскеннен кейін марқұмның бас сүйегі сынғаны белгілі болды. Бір аптадан кейін көз жұмған. Өлімге кінәлі деп танылған келіншек сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

80 жыл ішінде шашын бес метрге дейін өсірген қария шашының қасиетті екеніне сенімді

Келесі жаңалық

"Жын кірді деп ойлаған". Анасының басын шапқан ер адам ұсталды

ҰқсасЖаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ
Басты жаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
62
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
451
Қостанай облысында 12 жасар қыз жүкті: өгей әкесі қамауға алынды
Қылмыс

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
21
Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін
Денсаулық

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
22
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
355
Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті
Қылмыс

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Жын кірді деп ойлаған». Анасының басын шапқан ер адам ұсталды

"Жын кірді деп ойлаған". Анасының басын шапқан ер адам ұсталды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.3k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
451
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
62

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
451

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
21

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
22

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
355

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.