Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Қылмыс

Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталуы мүмкін

Қыркүйек 29, 2020
Қылмыс, Қазақстан, Оқиға
Поделиться на Facebook

Ақтөбеде Нұрасхан есімді жасөспірім 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болғаны үшін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «НеМолчиKZ» зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорының жетекшісі Дина Смайылова (Таңсәрі) жазды. Оның айтуынша, Нұрасхан мен А. есімді жасөспірім қыз-жігіт болып кездесіп жүрген. Бала 17-де, ал қыз 15 жаста.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Шілде айында екеуі бірге Нұрасханның әжесінің үйіне қашып кеткен. Оларды ата-анасы үйіне қайтарғанымен, жасөспірімдер кейіннен қайта қашып кетеді. Оларды сол күні тапқан бойда қыздың анасы медициналық сараптама жасауды талап етеді.

«16 қыркүйекте Нұрасхан Қылмыстық кодекстің 122-бабы «он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды», – делінген жазбада.

Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

18 қыркүйекте Ақтөбенің тергеу соты Нұрасханды екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Балалар үшін заңның қатал болатынын білмеген

Таңсәрінің айтуынша, қыздың анасы сараптаманы талап еткеніне өкініп отыр. Себебі, заңның балаларға қатал болатынын білмеген. Ата-анасы екі жасөспірімнің үйленуіне қарсы емес, алайда бұған заң рұқсат бермейді.

«Заңға қайшы әрекетті көріп отырмыз, бірақ неге тергеу сотына жәберіленуші тарапты шақырмады? Неге қыздың анасына өз пікірін айтуға мүмкіндік бермеді? Неліктен адвокаттар ақша алып, өтініш жазбайды? Айыпталушы тараптың адвокаты ештеңе істеген жоқ. Тіпті, сот шешіміне наразылық білдірмеді. Ол жәбірленуші тарапты сотқа шақыруды неге талап етпеді? Балалар аңғалдығы мен ақымақтығынан ешкімнен ештеңе жасырған жоқ. Олар полиция бөлімшесінде де бір-бірін жақсы көретінін дәлелдеді емес пе? Ал нағыз педофил бәрін соңына дейін жоққа шығарады», – деп жазды Таңсәрі.

Сыбайлас жемқорлық бар болуы мүмкін

Ол бұл істе сыбайлас жемқорлық бар болуы мүмкін екенін де айтты.

«Мүмкін ата-аналар біреуге ақша төлеуден бас тартқан шығар? Қазір қаншама зорлықшы сараптама бойынша қылмысы расталса да бостандықта жүр. Қамқоршылық органдар жасөспірімдерді неге қорғамайды», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, Таңсәрі екеуінің келісім бойынша бір-бірімен ересек қарым-қатынасқа түскенін, балалардың жақсы көруді қылмыс деп санамағанын жазды.

«Ересектердің ешқайсысы оларға ерте жыныстық қатынастың салдары туралы, әсіресе мұндай қарым-қатынастың құқықтық сипаты туралы айтқан емес. Өйткені, мектептерде бұл оқытылмайды. Ал ата-аналар үшін бұл ұят болып саналады», – деп жазды Дина Таңсәрі.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Айналайын, жоғарыдағы көкелер!": досының өлімін көрген жігіт жанайқайын жазды

Келесі жаңалық

Алматыда біреу отыз жылдық ескі Mercedes-ті 23 млн-ға сатқалы жүр

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
498
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
530
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
205
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматыда біреу отыз жылдық ескі Mercedes-ті 23 млн-ға сатқалы жүр

Алматыда біреу отыз жылдық ескі Mercedes-ті 23 млн-ға сатқалы жүр

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
498
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
530
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.7k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
498

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
36

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
530

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
205

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.