Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен жұмысқа тұрған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайттың ақпаратынша, 34 мұғалімнің 13-і балабақшада, 11-і орта мектептерде, 7-еуі колледждерде, 3-еуі қалған білім ордаларында жұмыс істейді.
Бір қызығы, музыка колледжінде «фортепиано» мамандығы бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер дипломдарын дәлелдей алмады. Өйткені Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде мұндай мамандықпен түлектер даярланбаған.
Қазір жалған құжатпен жұмысқа тұрған мұғалімдерді жауапкершілікке тарту мен жалған дипломдарды әзірлеген адамдарды анықтау үшін материал ішкі істер органдарына жолданды.