Сейсенбі, Қаңтар 26, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға

Ақтөбеде жұмысшылар талабынан соң Қытай компаниясы жалақы өсіргенін хабарлады

Қазан 17, 2019
Оқиға, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Ақтөбеде жұмысшылар талабынан соң Қытай компаниясы жалақы өсіргенін хабарлады
Поделиться на Facebook

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Ақтөбедегі «Восток нефть и сервисное обслуживание» компаниясы жалақының аздығына наразы болып, кеніштегі жұмысты тоқтатып тастаған қазақстандықтармен мәмілеге келді. Бұл туралы Қытай компаниясында бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істейтін Жасұлан Қанбалиев айтты. Жасұлан Қанбалиевтің сөзінше, бұрғылаушы көмекшілерінің жалақысы наразылық акцияларынан кейін 50 пайызға көбейген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

«Бұрын қолыма 120 мың теңге (308 доллар) алып жүрдім. Кей кезде ай 28-30 күннен біткен кезде жалақым тіпті азайып қалатын. Қазан айынан бастап жалақыма 50 пайыз қосылатын болса, қолыма ай сайын 200 мың теңге (514 доллар) тиюі керек. Әрине, қымбатшылық қыспаққа алып тұрған кезде 200 мың теңге де аса көп ақша емес. Дегенмен бұған да шүкір», – дейді Жасұлан Қанбалиев.

Жұмысшылар наразылығынан кейін Қытай компаниясының жалақыны көбейткенін Ақтөбе облысының әкімдігі де растады. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің айтуынша, «Восток нефть и сервисное обслуживание» компаниясында бұрғылаушының көмекшісі болып еңбек ететін қазақстандықтар жылдар бойы ең ауыр жұмысты істеп, ең аз жалақы алып келген.

«Екі айға созылған жұмысшылар наразылығы облыс әкімдігін медиатор ретінде әрекет етуге мәжбүрледі. Негізі бұл әкімдік араласатын шаруа емес еді. Жалақы компанияның ішкі резерві есебінен көтерілетін болды. Бірақ барлық жұмысшының жалақысы 50 пайызға өскен жоқ. Дәрежесіне байланысты 316 адамның жалақысы 50 пайызға көбейді», – дейді Қайрат Бекенов.

Жұмысшылар 11 қазанда компанияға келіп, жалақы өсіруді тағы да талап еткен еді. Екі айға созылған жалақы дауы Ақтөбедегі компанияға Пекиннен арнайы делегация келгеннен кейін ғана шешілген. Қайрат Бекенов Пекиннен келген делегациямен ұзақ әрі күрделі келіссөз жүргізілгенін айтады.

«Восток нефть и сервисное обслуживание» серіктестігінің бас директоры Чжан Баоцзюнь бұрғылаушы бригадалардағы жұмысшылардың жалақысы инженерлік-техникалық құрамға қарағанда аз болғанын растап отыр. Чжан Баоцзянь «жұмысшылар талабы орынды» деп санайды.

«Бұрғылаушылардың көмекшілері мен дәнекерлеушілердің жалақысы қазан айынан бастап 50 пайызға өсті. Сол сияқты лаборант-коллекторлардың жалақысына 40 пайызға, бұрғылаушы қондырғының машинисінің айлығы 30 пайыз, бұрғылаушылардың еңбекақысына 25 пайыз қосылды. Жаңажол, Кеңқияқ пен Северная трува кеніштеріндегі барлық бұрғылаушы бригадалар қайта жұмысқа кірісті», – деді Чжан Баоцзянь.

Ақтөбедегі «Восток нефть и сервисное обслуживание» компаниясының жұмысшылары екі айдан бері жалақы өсіруді талап етіп жүрген. Компания наразылықтан кейін жалақыны 20 пайызға өсіретіндерін мәлімдеген. Бірақ жұмысшылар бұл шешіммен келіспей, 50 пайызға өсіруді талап қылған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің дерегінше, «Восток нефть и сервисное обслуживание» – 100 пайыз акциясы Қытайдың Xibu (Сибу) корпорациясына тиесілі компания. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының тапсырысымен Ақтөбе облысындағы мұнай кеніштерін бұрғылайтын жұмыс істейді. Әкімдіктің мәліметінше, компаниядағы 1200 адамның он пайызы – Қытайдан келген маман.

Жалақының аздығына шағынып, наразылық білдірушілер арасында Қытай жұмысшылары жоқ.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Дана Нұржігіт: Ауылдағылар алған несиесін далаға шашады

Келесі жаңалық

Білім министрлігі қайта құрылады – Аймағамбетов

ҰқсасЖаңалықтар

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті
Қылмыс

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
11
Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды
Әлем

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қаңтар 25, 2021
62
Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті
Шоу-бизнес

Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті

Қаңтар 25, 2021
62
Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
728
«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс
Денсаулық

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
45
«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты
Қазақстан

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
38
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Білім министрлігі қайта құрылады – Аймағамбетов

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
728
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.9k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
4.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
11

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қаңтар 25, 2021
62

Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті

Қаңтар 25, 2021
62

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
728

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
45

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
38
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.