Ақтөбеде медициналық университеттің проректорының ұлы сабаққа келмесе де, үнемі жақсы баға алып отырған. Анонимді хат түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан медициналық университетінің проректоры Ләззат Жамалиеваның төңірегінде жанжал шықты.
Анонимді хаттан соң университет ректоры жағдайды түсіндіруге тырысты. Оның сөзінше, бұрын оқу ордасының білім алушылары расымен де студент Анапин туралы хат жазып, сенім жәшігіне жіберген екен.
Сөйтіп ректордың тапсырмасымен комиссия құрылып, тергеу жүргізілген. Нәтижесінде, белгісіз хаттарда көрсетілген фактілер ішінара расталыпты.
«Нәтиже мынадай: «Сириус» бағдарламасының көмегімен және декандар арқылы біз оның қыркүйек пен қазан айларында өткізген уақытын санадық. Олар 124 сағатты құрайды. Біздің академиялық саясатымызға сәйкес, егер студент семестр бойы себепсізден себепсіз 144 сағатты жіберіп алса, ол оқудан шығарылады», – дейді ректор М. Оспанов атындағы БҚМУ ректоры Мұрат Телеуов.
Әйгілі студенттің сабаққа келмеуін жасырған қарапайым мұғалімдер жазаланды. Олар электронды журналға Анапинді «аудиторияда болған» деп түзетулер енгізген.
Ректордың сөзінше, бұл жағдайға проректордың қатысы жоқ екен.
«Оның баласы – кәмелет жасына толған ересек адам. Ол шешімді өзі қабылдайды. Оған сөгіс жарияланды. Бірақ ұлына сөгіс айту да анасының беделіне қатты әсер етеді, ал университеттен шығару одан да жаман. Егер ол жіберілген сабақтарды қайта тапсырмаса немесе тағы 20 сағатты өткізіп алса, онда оқудан шығарылады», – деді ректор.