Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға

Ақтөбеде бір ай бұрын ғана сотталған 4 полицей ақталып шықты

Қазан 29, 2019
Оқиға, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Ақтөбеде бір ай бұрын ғана сотталған 4 полицей ақталып шықты
Поделиться на Facebook

Төрт полицейдің ісі 9 ай тергеліп, үкім қыркүйекте шыққан болатын. Сотта оларға «жәбірленушіні азаптады» деген айып тағылып, 4 және 5 жылға дейін соттаған еді. Тәртіп сақшыларының ағайындары сол кезде олардың кінәлы екендеріне сенбей, сот шешіміне наразылықтарын білдіріп, облыстық прокуратурасының алдына жиналды. Сот үкімімен келіспейтіндіктерін айтып, апелляциялық шағым түсірді, – деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Апелляциялық үкіммен аталған тұлғалар қылмыстық құқықбұзушылық жасағандары дәлелденбегендеріне байланысты ақталды. Ақталғандардың қылмыстық процесті жүргізген органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеткізуге құқықтары танылды. Апелляциялық үкім заңды күшіне енді», – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

52 күн бойы тергеу изоляторына отырған төрт полицей шешім жария бола салысымен, сот залынан босап шықты. Полицейлердің жақындары үшін де бұл күтпеген жаңалық болған сыңайлы. Үкімді естігенде қол шапалақтап, бірін-бірі құттықтап, көзіне жас алғандары да бар.

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Әсия Мырзабекова әлі күнге өңім бе, түсім бе деп сене алмай жүрмін дейді. Ұлы абақтыда отырғанда ішкені ірің, жегені желім болғанын айтты. Ұлы Руслан Есанов ішкі істер органдарында 16 жыл қызмет еткен. Шені – майор. Істі болғанға дейін Ақтөбе қаласындағы №4 полиция бөлімі басшысының орынбасары болған. 2016 жылы теракт кезінде «Ерлігі үшін» медалімен марапатталыпты. Соттың үкімімен ол 5 жылға сотталған болатын.

«Маған қазір айту да қиын өте. Оның бәрін қайталағым келмейді. Әйтеуір, әділеттік орын алып қуанып отырмын. Жалғыз мен қасындағы үш баланың ата-анасы бар. Бәрімізге өте қиын күндер болды. Әрбір ана біледі ғой өзінің баласын. Мен өз баламды білем», – деді ақталған полицейдің анасы Әсия Мырзабекова.

Полицейлер неге ақталды? Істің мән-жайын тексерген сарапшылар жәбірленушінің денесіндегі жарақаттар басқа жағдайда пайда болуы мүмкін деген ұйғарым жасаған. Өйткені, «мына жерімнен ұрды» деп көрсеткен жерде жарақаттың ізі болмапты. Алайда, жәбірленуші тәртіп сақшыларынан таяқ жегенім рас деп отыр. Алдағы уақытта қайта шағым түсірмекші.

«Мені азаптады, оның бәрі тергеу барысында дәлелденді. Қаншама айғақтар болды. Оларды соттады, енді кеше ақтап шықты. Мен қазір өз өмірім үшін алаңдаймын. Сондықтан, мұнымен тоқтап қалмаймын, мен де шағымданам, әділдік орнауын талап етем», – деді жәбірленуші Руслан.

Ақталып шыққан полицейлерге майор, аға лейтенант, лейтенант шендері де қайтарылатын болды. Ал Руслан Есанов «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне қайта тағады.

Бөлісу12ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Секонд-хенд" киімінен 7 мың доллар тауып алған ару оны иесіне қайтарды

Келесі жаңалық

Асаба Болат Назарбаевтың тойынан қанша алғанын ашып айтты

ҰқсасЖаңалықтар

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды
Өмір

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
8
«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)
Қазақстан

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
10
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Қазақстандағы зейнетақы

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
8
Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес
Бокс және ММА

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
49
Қазақ қызы: Педофил әкем шайдың түсі ұнамай қалса да, анамды қан-жоса қылып ұрып тастайтын
Қылмыс

Маңғыстау облысында еркек көңілдесінің 10 жасар қызын сабап, зорлап тастады

Қаңтар 27, 2021
249
Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ
Басты жаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
117
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Асаба Болат Назарбаевтың тойынан қанша алғанын ашып айтты

Асаба Болат Назарбаевтың тойынан қанша алғанын ашып айтты

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.4k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
672
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
516

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
8

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
10

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
8

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
49

Маңғыстау облысында еркек көңілдесінің 10 жасар қызын сабап, зорлап тастады

Қаңтар 27, 2021
249

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
117
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.