Ақтөбеде 9 жастағы қызды алдап үйіне кіріп, зорлап кетті деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталмаған 21 жасар күдіктіні ұстады.
Бұл қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен арнайы жедел-тергеу тобы айналысты.
ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Ақтөбеде 9 жастағы қыз мектептен үйіне келгенде, ер адам алдап үйге кіріп, оны зорлағаны туралы жаздық.
Кейін белгілі болғандай, педофил қыздың үйіне су сұрап, алдап кіргені белгілі болд. Толығырақ оқыңыз.