Ақтөбе облысында жүк пойызы мен көлік соқтығысты. Бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Шалқар қаласының маңында орын алды. Жүк пойыз бен «УАЗ» маркалы автокөлігі темір жол өткелінде соқтығысты. Апат салдарынан 82 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды.
Полиция мәліметінше, темір жол өткелінде орнласқан бағдаршам ақаусыз жұмыс істеп тұрған. Болжам бойынша, «УАЗдың» 82 жастағы жүргізушісі бағдаршам рұқсат бермесе де пойыздың алдынан өтіп кеткпек болған.
Соққының қаттылығынан автокөлік металлға айналып кеткен.
Қазір апаттың мән-жайын анықтауда.