Бүгін Ақтөбе облысындағы Жаңажолда мұнай қалдықтарына арналған сұйыққойма өртенді. Оның көлемі 3 мың куб метрді құрайды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Өрт Жаңажол мұнай-газ кешенінің аумағында болды. Оқыс оқиғадан зиян шеккендер жоқ. Сұйыққойма ішінде су мен мұнай болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өртті сөндіруге 8 бірлік техника мен өрт сөндірудің 35 қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, қосымша Ақтөбе қаласынан 25 қызметкер мен 5 бірлік техника жіберілді.