Ақтөбе облысында үш кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер адам өлтірген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесін талқыға салған Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов өңірдегі мектеп, колледж директорлары және ата-аналар комитетінің өкілдерімен кездесті.
Тәрбие мәселесін көтерген департамент басшысы жағымсыз статистикаға тоқталды. Оның айтуынша, облыста кәмелетке толмағандар112 қылмыс жасаған. Оның үшеуі адам өлтіру, жетеуі денеге жарақат салу және біреуі бопсалау.
Белгілі болғандай, қылмыстарды орта мектептің 28 оқушысы, 63 колледж студенті және 4 жоғары оқу орнының студенті жасаған.