Ақтөбе облысында бес күн бойы іздеуде болған 17 жастағы жас жігіттің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
17 жастағы Есеналиев Сүлеймен Нүркенұлының денесі Темір ауданы, Бірлік ауылынан үш шақырым жердегі аңғардан табылды.
Басылымның мәліметінше, Сүлейманның денесінде азаптап өлтіру белгілері жоқ. Деседе сараптама тағайындалған.
Ол бала кезінен екінші топтағы мүгедектер санатында. Сондықтан білімді үйден алатын болған.
Ол 24 қарашада, шамамен 18:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен Сүлеймен Есеналиев сол күйі оралмаған.
Айта кетейік, жасөспірімді іздеу жұмыстарына Темір, Байғанин, Мұғалжар аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысқан.