Сейсенбі, Қаңтар 19, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат Үкімет

«Ақшаның қайда жатқанын білмейді»: үкімет Нығматулиннен сөз естіді

Мәжіліс төрағасының айтуынша, қазір мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің үштен бірі, ал шығыс бөлігінің төрттен бірі ұлттық қордың есебінен қалыптасып отыр

Маусым 10, 2020
Үкімет, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
«Ақшаның қайда жатқанын білмейді»: үкімет Нығматулиннен сөз естіді

Сурет : Ж.Құспанов

Поделиться на Facebook

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин үкіметті ұлттық қордың ақшасын оңды-солды жұмсап жүргені үшін сынға алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Жәмила Нұрмамбетованың айтуынша, білім және ғылым министрлігіне отыз университетте коворкинг орталығын ашуға 663 миллион теңге бөлінген. Қаражат ұлттық қордың мақсатты трансферттерінен бағытталған. Алайда ақша жүз пайыз игерілмеген.

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

«Яғни, елдің жоғары оқу орындарында жоспарланған бірде бір коворкинг аймақ ашылған жоқ. Егер университеттер коворкинг орталықтарын өздері ашуға мүмкіндігі болса, ұлттық қордан ақша бөлуге қандай қажеттілік туды?», деп сұрады ол білім және ғылым министрінен.

Асхат Аймағамбетов коворкинг орталықтарын бюджеттен ақша шығармай ашу мүмкіндігі болғандықтан, 663 миллион теңге бюджетке кері қайтарылғанын айтты.

«Бұл коворкинг орталықтар ашылады. Мақсатқа қол жеткіземіз. Қазірдің өзінде бес орталық ашылды. Қалған жиырма бесі келесі жылдың басында ашылады», – деді министр.

Бірақ, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Аймағамбетовтің жауабына қанағаттанбады.

Айтуынша, министр депутаттың сауалын дұрыс түсінбеген. Мәжілісмен коворкинг орталықтардың ашылуы туралы емес, неге оларға ұлттық қордан ақша бөлінгенін сұрады.

«Сіз, қателеспесем, былтыр жазда министр болдыңыз. Сондықтан осы коворкинг орталықтарға бөлінген миллион долларлар туралы білмейтін де шығарсыз. Коворкинг орталық деген не, алдымен, соның басын ашып алу керек еді. Ол жай ғана сұқбаттасу, әңгімелесу алаңы, аталған жағдайда жұмыс берушілер мен студенттердің қарым-қатынас алаңы. Қазір бәрін шетелдің әдемі сөздеріне ауыстырып, көп ақша алады да, оны кейін игермейді. Айтыңызшы, бұл ұлттық қордан ақша алатындай соншалықты үлкен проблема ма еді?. Мен олай деп ойламаймын», – деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы коворкинг орталықтарды ашуға ұлттық қордан қаржы бөлуге қандай қажеттілік туғанын ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтен сұрады.

Министр Нығматулиннің «ұлттық қордың ақшасын шашуға болмайды» дегенімен келіскеннен басқа мардымды ештеңе айта алмады.

«Ұлттық қордың қаржысын шашуға болмайды. Ол туралы Елбасы да, президент те үнемі айтып жүр. Сондықтан ұлттық қордың әр тиыны қатаң бақылауда болуы қажет. Ол ақшаны тек ерекше жағдайда ғана алуға болады», – деп ескертті спикер.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, үкіметке бір бағдарламадан артылған ақшаны екінші бағдарламаға аударуға заңнамалық түрде мүмкіндік берілген.

«Егер министрлік ішінде бір бағдарламаның ақшасы игерілмесе, соны коворкинг орталықтарға бөлу керек еді. Мұндай құзырет бар ғой сіздерде. Парламентке келмей-ақ, үкіметтің қаулысымен министрлік ішінде бөле беруге болады. Коворкинг орталықтарға ақша сұрағанда, қаржы министрлігі, ұлттық экономика министрі қайда қарады? Қандай жауапсыздық! Әлихан Асханұлы (премьер министрдің бірінші орынбасары) мұндай әрекеттерді тоқтату керек», – деді Нығматулин.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің үштен бірі, ал шығыс бөлігінің төрттен бірі ұлттық қордың есебінен қалыптасып отыр.

«Бұл не, ерекше жағдай ма? Біздің министрлер ақшаның қайда жатқанын білмейді. Бұлай істеуге болмайды, әріптестер. Бар қаражатты игермейсіздер, барып ұлттық қордан тағы аласыздар. Қордың ақшасын оңды-солды шашуға болмайды. Әлихан, Асханұлы, келісіп алайық. Тәртіп орнатыңыздар», – деді ол.

Бөлісу23ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Танымал қазақстандық жұлдыз көз жұмды

Келесі жаңалық

"Медбикені жұмыс орнында зорлаған": Шымкенттік дәрігер сотталды

ҰқсасЖаңалықтар

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді
Денсаулық

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Қаңтар 18, 2021
4
Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.
Шоу-бизнес

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

Қаңтар 18, 2021
13
Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді
Денсаулық

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
37
4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды
Қылмыс

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
181
Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін
Бокс және ММА

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
139
«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
372
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Анам маған сенбеді»: 19 жастағы қыз өзін әкесі зорлап тастағанын айтты

"Медбикені жұмыс орнында зорлаған": Шымкенттік дәрігер сотталды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.1k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.2k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
995
«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр
Шоу-бизнес

«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр

Желтоқсан 27, 2020
4.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Қаңтар 18, 2021
4

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

Қаңтар 18, 2021
13

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
37

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
181

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
139

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
372
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.