Сенбі, Наурыз 6, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Балабақшада баланы шымшып, шапалақпен ұйықтатпақ болған күтуші жұмыстан қуылды

Қазан 3, 2019
Оқиға, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Балабақшада баланы шымшып, шапалақпен ұйықтатпақ болған күтуші жұмыстан қуылды
Поделиться на Facebook

Алматыда екі жасар балаға қол жұмсаған №96 балабақшаның күтушісі жұмысынан қуылды. Мектепке дейінгі мекемеде болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәрбиешінің көмекшісі ұйықтамай жатқан сәбиді білегінің күшімен тәртіпке шақырған. Ал ұлын күтушінің ұрғанына ашынған ана прокуратураға шағымданды. Кінәлілер тиісті жазасын алсын дейді. Жалпы, аталмыш мемлекеттік балабақшаның басынан дау арылмай келеді.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Алина бүгін балабақшаға баласын емес, жанайқайын жеткізуге келді. Өткен аптада болған сұмдық оқиғаны ол өзге ата-аналардың аузынан естіп, сенер-сенбесін білмеген. Ұлының көгерген бетін көргенде балабақшаға алып-ұшып жеткен. «Алғашында түлкі бұлаңға салған меңгеруші ұлыма қол көтерілгенін кейін растады», – дейді ашынған ана.

«Мен келгенде меңгеруші ұлымның асыр салып ойнап жатқан видеосын көрсетті. Жарайды дедім. Сосын баласын балабақшаға әкелген басқа ананың аузынан сұмдық жайтты естідім. Меңгерушіге қайта келіп, толық жазбаны көрсетіңдер деп талап еттім. Кейін ұлыма қол көтерген күтуші жалынып кешірім сұрады. Меңгеруші оқиғаны «жария қылмашы» деп ақша ұсынды. Әрине, бас тарттым», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Алина Суворова.

Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрлар әлеуметтік желіге лезде таралды. Видеода төсекте жатқан балақайды күтуші әйел аялы алақанымен емес, білектің күшімен ұйықтатпақ болғаны анық көрінеді. Тіпті тәрбиешінің көмекшісі 2 жасар бүлдіршіннің бетінен шапалақпен ұрып, шымшып алады. Мән-жайды білуге барған ана Ирина есімді күтуші ештеңені мойындамай, «өз-өзін ұстай алмай, айғайға басты» дейді.

«Күтуші баланы ұрмадым деп ақталды. Бірақ оның айғайлап, секіруі мені қатты шошытты. Мұндай адамды қалай жұмысқа алады? Түсініксіз. Бұл балабақшада бір ай бұрын да осындай шу болған. Бірақ ол кезде меңгеруші ата-анаға ақша беріп, оқиғаны жылы жапқан көрінеді. Баламның құжаттарын бірден алып кеттім. Кінәлілер тиісті жазасын алу үшін соңына дейін барамын”, – деді Алина Суворова.

Мектепке дейінгі мекеменің меңгеруішісі жұмыс орнында жоқ екен. Жиналысқа кетіпті-мыс. Жан-жағы қоршалған балабақшаның қызметкері күтушіні жыға танымайтынын айтады. Бір анығы, ашушаң күтуші төрт айдан бері №96 балабақшада жұмыс істейді. Ал екі жасар Ролланға қараған тәрбиеші сұхбат беруден бас тартты. Шілде айында осы балабақшаның бұрынғы қызметкері бала ұрлап, ата-аналардан ақша талап етпек болған еді. Алайда оның арам ойы жүзеге аспай дереу тұтқындалған. Ол кезде балабақша басшылығына қатысты шара қолданылған жоқ. Бұл жолы да солай болып тұр.

«Білім басқармасының комиссиясы балабақшаға барды. Ата-аналармен кездесті. Ирина Еңбек кодексі бойынша жұмысқа тұрған. Барлық жерден анықтама алған. Осы уақытқа дейін ол кісіге шағым түскен жоқ», – деді Алматы қаласы білім басқармасы мектепке дейінгі бөлімінің басшысы Әлия Сағиева. .

Қалалық білім басқармасы басынан дау арылмаған балабақша жұмысын әрі қарай жалғастыра беретінін жеткізді. Осы келеңсіз жайттан кейін мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне ескерту жасалса, тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Ал балаға қол көтерген күтуші дереу жұмыстан қуылыпты. Екі жасар Ролланның анасы прокуратураға шығымданып соңына дейін күресемін деп отыр. Өйткені ол осындай сұмдық жайттар өзге де балабақшаларда қайталанбаса екен дейді.

Бөлісу7ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Өгей әкесі аяусыз ұрған: Алматыда комада жатқан 2 жасар сәби көз жұмды

Келесі жаңалық

Жарылыстан соң балалары ауыра бастаған: Арыстық аналар өтемақы талап етті

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
18
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
17
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
78
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
19
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
2
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
214
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Жарылыстан соң балалары ауыра бастаған: Арыстық аналар өтемақы талап етті

Жарылыстан соң балалары ауыра бастаған: Арыстық аналар өтемақы талап етті

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
214
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.4k
Инспектор жігіттер алып қашып бара жатқан жас қызды құтқарып қалды
Әлем

Инспектор жігіттер алып қашып бара жатқан жас қызды құтқарып қалды

Ақпан 4, 2021
1.5k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
78

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
18

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
17

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
78

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
19

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
49

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
2
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.