Бейсенбі, Сәуір 15, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті

Наурыз 2, 2021
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті

Фото: akorda.kz

Поделиться на Facebook

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

2 наурызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Нұр-Сұлтан әуежайында оны Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қарсы алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың хабарлауынша, екі мемлекет басшыларының кездесуі кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Садыр Жапаровтың президент ретінде алғашқы мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастағанының маңызы зор екенін атап өткен». Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға сапармен келуге шақырған.

«Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты стратегиялық серіктестіктің ауқымды мәселелері, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстарды талқылады» деп жазды Ақорда.

Қырғызстан президентінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, екі ел басшылары ортақ мәлімдеме қабылдап, екі ел үкіметтері арасында әскери-техникалық көмек көрсету, электр энергиясы және өзге мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылған.

Екі күнге созылатын сапар аясында Жапаров бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин, премьер-министр Асқар Маминмен, қазақстандық кәсіпкерлермен кездеседі деп айтылады.

Сапар алдында берген сұхбатында Жапаров «Қазақстан мен Қырғызстан арасында шешілмеген мәселе жоқ» деп айтқан. Бірақ сарапшылар екі ел арасында сөзден іске көшуді талап ететін мәселе өте көп деп санайды.

Қырғызстанда былтыр қазан айында билік ауысқалы бері екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі алғаш рет өтіп отыр. Сол кезде Қазақстан көрші елдегі оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, Нұр-Сұлтан Бішкекті қазақ инвесторларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған.

Қаңтар айында Қырғызстанда президент сайлауы өткеннен кейін бір күннен соң Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапаровты жеңісімен құттықтап, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған. Тоқаевтың баспасөз қызметі Жапаровтың шақыруды қабылдағанын, оның президент ретінде алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайтынын хабарлаған. Алайда кейін Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Садыр Жапаровтың алғашқы шетелге сапарын Ресейден бастайтынын айтқан.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Министрмен кездесуді талап еткен бір топ ана Нұр-Сұлтан әкімдігінде қонып шықты

Келесі жаңалық

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
864
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
824
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
969
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
381
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
969
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
864
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
951

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
864

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
824

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
969

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.