Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Ақмола облысында 4 баланы әкесіз қалдырған жол апатына кінәлілер тиісті жазасын алмай жүр

Желтоқсан 6, 2019
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға
Ақмола облысында 4 баланы әкесіз қалдырған жол апатына кінәлілер тиісті жазасын алмай жүр
Поделиться на Facebook

Сыныптастар әкелген қайғы. Екі жыл өтсе де, бір әулетке қара жамылдырған қылмыстың нүктесі қойылар емес. Ақмола облысындағы Кенесары ауылында болған жол апаты салдарынан Батырбек Сәрсенбай көз жұмған. Марқұмды бір емес, екі бірдей көлік бірінен соң бірі соғып өтіпті. Туыстарының айтуынша, көліктердің тізгінінде полиция инспекторы мен соның сыныптасы отырған. Адам өліміне себепкер болған олар, тіпті, бүгінге дейін жүргізуші куәлігінен де айырылмады деп ашынады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға болған жер. Марқұмның туысқандарының айтуынша, Кенесары ауылынын қақ ортасынан өтетін тас жолдан екі көлік қатты жылдамдықпен келген. Сол кезде апат кұрбаны болган Батырбек Сәрсенбай қасында келе жатқан екіқабат келіншегін итеріп үлгереді. Батырбек өзі опат болса да, жүкті әйелін құтқарып қалған. Сол кезде іште болған жеті айлық сәбиі аман-есен дүниеге келіпті.

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Жесір келіншектің бір жарым жастағы Медеттен басқа тағы үш ұлы бар. Ал Батырбекті жерлегеннен кейін туысқандары кінәлілер жазасын алар деп күткен. Сөйтсе, іс сиырқұйымшақтанып кетіпті.

«Бұған адам соққан көлік тізгінінде полиция инспекторы Рүстем Ақпанбетовтің болуы себеп», – дейді қаралы отбасы.

«Соққан бірінші көлік кінәлі. Ол тура бірақ кетті, көзіммен көрдім. ДВД-дан барлық таныстарын шақырып. Сол күні мен үйге кіріп кеткеніме әлі өкінемін. Кірмеуім керек еді.Сол жерде отыруым керек еді. Мен құлаған жердегі көлік саймандарының біреуі жоқ. Бәрін жинаған, өз таныстарын шақырған, осы жағдайдың бәрі жалған», – деді Кенесары ауылының тұрғыны Баршагүл Амангелді.

Екі жыл бойы тергеліп бітпеген іс сотта қаралып, қайта тергеуге жіберілген. Марқұмның туысқандары сотта «куәгерлердің дәлелі есепке алынбады» деп отыр. Қылмыстық істе кінәлі тек екінші көлікті айдаған полиция инспекторының сыныптасы Руслан Күсембаев қана.

«Егер адам маған ұшып келіп, капотыма құласа, мен не істей аламын? Алдымда менің сыныптасым, полиция инспекторы Ақпанбетов келе жатқанын көріп келемін ғой. Ол адам соққанын алғашқыда айтты, сосын айнып қалды. Көз алдымда болған жағдайды дәлелдей алмауым, әрине, оның полицей болғанында болып тұр», – деді Кенесары ауылының тұрғыны Руслан Күсембаев.

Ал Рүстем Ақпанбетов «сүттен ақ, судан таза» десе де, оның көлігіне де сол күні айтарлықтай зақым келіпті. Бампері, айнасы сынып, есігі сырылған. Бірақ қазір оның тіпті қылмыстық істе аты да аталмайды. Мұны полицейдің әріптестері өздерінше түсіндіріп әлек.

«Иә, көшемен екі көлік қатар келген. Бірақ тергеу барысында сараптама «Тойота Камри» мінген полицейдің емес, «Фольксваген Венто» мінген Күсембаевтың көлігінен марқұмның дене жарақатын алғанын көрсетті. Ал тергеудің ұзап кетуі соттың түрлі инстанциясына алты рет шағым түсуімен байланысты», – деді  Ақмола облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қанат Рысбаев.

Әділдікке жетпеген соң марқұмның туыстары Бас прокуроратураға дейін шағымданған. Тіпті адвокат жалдап эксгумация да жасатыпты. Шиеттей төрт баланы жетім еткен жол апатына кінәлілердің бүгінге дейін жүргізуші куәлігінен де айрылмағанына ашынады. 80-ге келген марқұмның әкесі енді осынау белден басушылықты тиюға президент араласса деп отыр.

Бөлісу24ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Бизнес орталығынан секірген жігітті суицидке не итермеледі

Келесі жаңалық

Сәбиді ұрып өлтірген өгей әке: Шын жүректен кешірші!

ҰқсасЖаңалықтар

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады
Қазақстан

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
17
Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады
Қазақстан

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
41
Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті
Басты жаңалықтар

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
142
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
200
«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста
Басты жаңалықтар

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
7
Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
383
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Сәбиді ұрып өлтірген өгей әке: Шын жүректен кешірші!

Сәбиді ұрып өлтірген өгей әке: Шын жүректен кешірші!

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
383
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
294
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.7k
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
200

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
17

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
41

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
142

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
200

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
7

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
294
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.