Ақмола облысында қонақ үйлердің бірінен 61 жастағы әйелдің денесі табылды. Ол асылып өлген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Есіл қаласындағы қонақ үйлердің бірінде әйелдің денесі табылды. Ол Қостанайдың тұрғыны.
Қонақ үй қызметкерлеріне бөлмеге кіру үшін есікті бұзуға тура келген.
Қызметкерлер әйелді қонақ үй бөлмесіндегі есікке асылып қалған күйінде тапқан.
«Тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.