Ақмола облысының Щучинск қаласында бәз біреулер өлтіреміз деп қорқытып жезөкшелікпен айналыстырған 26 жастағы қыз бала ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Полициядағылар 20 қыркүйек күні 26 жастағы бойжеткеннің жезөкшелік үшін ұсталғанын хабарлады. Кейін оның бұл іспен мәжбүрлі түрде айналысқаны анықталды. Біреулер оны өлтіреміз деп қорқытқан. Сондай-ақ, оның осы әрекеті үшін ақша алып келгені белгілі болды.
Мұнымен қатар, 17 қыркүйек күні Көкшетауда 40 жастағы әйелдің жеңгетайлықпен айналысып жүргені белгілі болды. Ол да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.