Әлеуметтік желіде іРhone пішінінде жасалған құлпытас жұртты таңғалдырды. Сондай-ақ, көпшілік бейіт басына барып күліп тұрған видео авторларын сынға алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Күлетін басқа зат таппай енді өлгендердің мазарын мазақ қылуға көштіңдер ме, жетесіздер?», «Молаға барып күлгендері несі» деп сынады желідегілер видео авторларын.
Сондай-ақ, қазақстандықтар бұл азаматтың Заңғар Орынбетов екенін бірден танығанын, жас та болса, сіңірген еңбегі мол екенін жарыса жазды. Марқұмның анасының айтуынша, бұл идея күйеуі екеуіне тиесілі. Заңғардың әкесі дизайнер. Ескерткіштің эскизін өзі жасап шыққан.