Өскеменде жас жігіт 92 мың теңгеге қарнын тойдырып, бірақ ақшасын төлеуден қашып кеткен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Өскемен қалалық полиция департаментінің Ертіс полиция бөлімі мәлімдеді. Белгілі болғандай, тәртіп сақшыларына 28 жастағы мейрамхана әкімшісі шағымданған. Ол полицейлерге 12 қазан күні түскі ас ішіп, ақшасын төлемей кеткен қонаққа қатысты шара қолдануын сұраған.
«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция 26 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта жігіттің үстінен ҚР ҚК-нің 195-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған» – делінген ведомство баспасөз хабарламасында.