Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Зорлап, тырнағын жұлып, шегемен, тоқпен қинайды»: Сайрагүл Сауытбай қытай лагеріндегі сұмдықты жайып салды

Қазан 21, 2019
Оқиға, Әлем, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
«Зорлап, тырнағын жұлып, шегемен, тоқпен қинайды»: Сайрагүл Сауытбай қытай лагеріндегі сұмдықты жайып салды
Поделиться на Facebook

Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай израильдік Haaretz басылымына сұхбат беріп, Қытай лагерінде отырғандардың өмірі туралы айтып берді. Ол мұндағы адамдарды зорлап, тырнағын жұлып, шегемен және тоқпен қинайтынын жайып салды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайрагүл Сауытбайдың сөзінше, лагерьде шамамен 2 500 адам болған.

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

«Мен көргендердің ең үлкені – 84 жастағы кейуана. Ал ең кішісі – 13 жастағы ұл бала», – дейді ол.

Айтуынша, лагерьдегі бір кішкентай камерада 20 адам қамалған. Олар үнемі кісенмен жүреді. Сондай-ақ әрекеттерін бақылау камералары арқылы бақылап отырады екен. Ал дәретхананың орнына бөлменің бір бұрышына шелек қойылған.

Қандасымыздың айтуына қарағанда, лагерьде  күн қытай тілінен сабақтан басталады. Мұнан кейін адамдар жасамаған күнәларын мойындайды екен.

Тұтқындалғандардың барлығы үнемі таблетка қабылдап, ине салынады. Ресми нұсқа бойынша, осылайша аурулардың алдын алмақ екен. Алайда шындығында тұтқындалғандарға осылайша медициналық тәжірибе жасалатын көрінеді. Салдарынан көбінің ақыл-есі ауысып, ер адамдар белсіз болып қалады, дейді. Сонымен қатар мұндай зорлап, тырнағын жұлып, тоқ және шегемен қинайды екен.

Сайрагүл Сауытбай бұл лагерьге 2017 жыл мәжбүрлікпен келгенін айтады. Оған лагерьде қытай тілінен сабақ беретінін айтқан. Қандасымыз қол қойған құжатта ол ереже бұзып немесе берілген міндеттерді орындай алмаған жағдайда, өлім жазасына кесілетіні көрсетілген.

«Құжатта тұтқындалғандармен сөйлесуге, күліп, жылауға, өзгелердің сұрағына жауап беруге тыйым салынғаны көрсетілген», – дейді ол.

Сайрагүлдің айтуынша, оған форма беріп, кішкентай бөлмеге жіберген. Ондағы төсектің өзі бетоннан жасалған. Десе де әйел тұтқындағыларға жасалған жағдай мұнан да нашар дейді.

«Әр бөлмеде дәретхана орнына пластик шелек қойылған. Әр адамға дәретке отыру үшін күніне 2 минут беретін. Ал шелектегі нәжіс күніне бір-ақ рет төгіледі. Ол толып кеткен күннің өзінде, ертеңге дейін күту керек», – дейді Сайрагүл Сауытбай.

Лагерьде Сайрагүл тұтқындағыларға қытай тілін, сонымен қатар коммунистік партиялардың насихат әндерін үйретуге міндеттелген. Тұтқындағылар «Мен Қытайд жақсы көремін», «Коммунистік партияға рахмет», «Мен – қытаймын», «Мен Си Цзиньпинді жақсы көремін» деген сөздерді қайталауға мәжбүр көрінеді.

Қандасымыздың сөзінше, әнді дұрыс шырқамағандар және тілді меңгере алмағандарды арнайы «қара бөлмелерде» жазалайды. Онда адамдарды электр таяқтармен ұрып, шегелерге отыруға мәжбүрлеген. Кейбірі мұндай бөлмеден тырнақсыз оралатын, дейді.

Бірде Сайрагүлдің өзін жазаға тартылыпты.

«Бірде түнгі уақытта лагерьге жаңадан тұтқындалғандарды алып келді. Олардың арасында қазақ әйел бар еді. Ол менің қазақ екенімді танып, көмек сұрап, құшақтап алды. Мен оған жауап бермедім. Сонда да мені жазалады. Ұрып-Соғып, екі күн тамақсыз қалдырды», – дейді әйел.

Оның сөзіне қарағанда, лагерьде бәрінен бұрын әйелдерге қиын. Себебі полицейлер көзіне түскен кез келген әйелді зорлап тастауы мүмкін, дейді. Тіпті, топтық зорлау жағдайлары да болған.

Ал күндізгі уақытта тұтқындағыларға «жасаған күнәлары туралы» ойлануға уақыт беріледі екен. Мұнда қытай тілін білмегеннен бастап, діни ғұрыптарды сақтамауына дейін күнә санайды.

Сонымен қатар Сайрагүл лагерьде күніне 3 рет тамақ берілетінін айтады. Беретіндері – күріш немесе көкөніс сорпасы және бір тілім нан. Ал жұма күндері тұтқындағыларға доңыз етін береді. Кейбірі діни көзқарасына байланысты оны жей алмайды. Алайда тамақтан бас тартқаны үшін жазалайды, дейді.

Сайрагүлдің сөздерін лагерьден қашып шыға алған өзге де әйелдердің әңгімесі растайды.

Бөлісу15ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Науқасы бар жедел жәрдем аударылды: Алматыда ірі жол апаты болды

Келесі жаңалық

Тоқаев ірі басшыларды Назарбаевпен келісіп, тағайындайтын болады

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
99
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
24
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
103
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
7
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
25
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
19
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Тоқаев ірі басшыларды Назарбаевпен келісіп, тағайындайтын болады

Тоқаев ірі басшыларды Назарбаевпен келісіп, тағайындайтын болады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.2k
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.2k
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
420
Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Санаты жоқ

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
139

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
99

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
24

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
103

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
139

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
7

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.