Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі өнер иелері туралы өз ойын бөлісті. Айтуынша, олардың көбісі жеңіл жүрісті болып келеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Қамшы сұхбат» бағдарламасына сілтеме жасап.
Сазгер Қазақстан сахнасында жүрген көптеген қыз-келіншектің жеңіл жүрісті екенін айтты. Тіпті, оларды «жезөкше» деп атады. Егер оларға қатысты қандай да бір сын айтсаң, өзіңді мазақ қылуға дайын тұрады, деп ашынды сазгер.
«Қалдыбектің дәрежесі төмен екен ғой» деп айтады. Өйткені 90%-і сондай жезөкшелер ғой. 50/50 болса, сөзіңе құлақ асып, Қалдыбек дұрыс айтып жатыр дейді. 90% болған соң ойлай беріңіз, бәрі күліп мазақ қылып отырады. «Ешкім саған көнбеген, сол үшін жынданып отырсың. Ешбір әнші сенімен жатпай қойған» деп айтқандар да болды», – дейді Қалдыбек Құрманәлі.
Осы орайда, сазгер арада Розу Қуанышқызымен қандай әңгіме болғанын айтып берді. Сондай-ақ, ол өнердегі жеңіл жүрісті қыздарды көріп, қатты таңғалғанын жасырмады.
«Дастархан басында отырып, әншілердің көбісінің осындай екенін айттым. Сонда Роза Рымбаева «Қалдыбек, сенің нең бар? Мұндайды неменеге айтып отырсың? Олар саған бермей қойды ма? Дене өзінікі емес пе? Оның әншілігі мен сахнада өзін ұстауын айт. Ол үшін ар соты бар» деді. Осы сөздерден кейін үндемейтін болдым. Сөйтсем олар кәдімгідей көп екен. Жолдары болып жатыр десек те болады», – деді сазгер.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін алматылық жезөкшелердің айына 250 мың табатынын айтып мақтанғаны туралы хабарлаған едік.