Ақтөбеде 83 жастағы қария терезеден секіріп кетіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«30 қазан күні сағат 08:35-те полицияға хабарлама түсіп, онда қаланың Әбілқайыр хан көшесінде 83 жастағы қарияның денесі жатқаны айтылды. Ол өз пәтерінен секіріп кеткен. Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Себебі анықталуда», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.