Жамбыл облысында 800 мың теңге пара алған бас дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Б.Т. Құрманәліге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.
«Ол ЖШС өкілінен 2 млн 800 мың теңгеге балалардың құрғақ тамағын жеткізу мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын. 12 қарашада Меркі аудандық сотының үкімімен бас дәрігер пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.
Сонымен бірге, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.