Кішкентай қыздың өлі денесі үйінің маңынан табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол суицид жасаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Ресейдің Мәскеу қаласында орын алды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, мектеп оқушысы неден қайтыс болғаны анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«2011 жылы туған кішкентай қыздың өлі денесі Мәскеуде, тұрғын үйдің маңынан табылды. Болжам бойынша, ол өзіне қол жұмсаған. Бұл жағдай анасының қыздан телефонды алып қоюынан соң болған», – дейді ведомства.
Оқиғаның мән-жағдайы анықталуда, қылмыстық іс қозғалды.