Үндістанның Трипура штатында тұратын қыз баланың сирек аурудың кесірінен көз жасы мен денесіндегі тердің орнына қан шыға бастапты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Чвнгсаса Деббарма осы жылдың сәуір айында бұрын-соңды болмаған ауруға шалдыққан. Оның құлағы мен мұрнынан, бұған қоса қолтығы, беті, аяғы мен қолынан шығатын тердің орнына да қан аға бастапты. Кейбіреулер қызды Ғайса пайғамбармен салыстырады, өйткені Інжілде Жаратушы елшісінің дұға оқыған кезде тердің орнына қан аққаны сипатталған екен.
Жеткіншекті ауруханаға алып барған кезде оның сирек ауру ретінде саналатын гематогидрозға шалдыққаны анықталған. Дегенмен дәрігерлердің күдігін растау үшін бірнеше сараптама қажет болған көрінеді. Дәрілердің арқасында қыздың жағдайы бірнеше күнге жақсарған.
Алайда бұл Деббарманың басқа да дене мүшерелі қанмен терлей бастапты. Енді қан оның ернінен, тілінен, маңдайы мен басынан, шүйдесінен, қол-аяқтарынан, көзінен, саусақтары мен башпайларынан, білегінен шыға бастаған. Бұған қоса қыз бала кеуде тұсының ауыратындығын жеткізген. Содан бері қыз ауруханалардың табалдырығын тоздырыпты, бірақ оның ауруының емі әлі табылмаған көрінеді.
Гематогидроз ауруы кезінде адамның терісі арқылы қанның шығуы байқалады. Ол он миллион адамның бірінде кездесетін көрінеді. Дегенмен бұл аурудың шөлдеу мен біраз қиыншылықтарға әкелгенімен, басқа да зиян жақтары байқалмайды екен. Мамандар бұл дерттің сирек болғандығынан оның емі әлі таппапты.