Сейсенбі, Сәуір 13, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Жарылыстан соң балалары ауыра бастаған: Арыстық аналар өтемақы талап етті

Қазан 3, 2019
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Оқиға
Жарылыстан соң балалары ауыра бастаған: Арыстық аналар өтемақы талап етті
Поделиться на Facebook

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

2 қазанда Түркістан облысы Арыс қаласының әкімдігіне отызға жуық әйел барып, «жарылыстан соң тұрғындар денсаулығының нашарлағанына шағымданып, өтемақы төлеуді» талап етті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Үш баланың анасы Бану Құлжабаева бір жарым жастағы баласының жарылыстан кейін үздіксіз жөтеліп, іші өте бастағанын айтады. Ол «жарылыстан бері ауырмаған күніміз жоқ» деп кейіді.

«Апта сайын ауруханаға апарам, апта сайын басқа дәрі-дәрмек жазып береді. Одан нәтиже болмаған соң тағы барамыз. Сүйтіп келе жатырмыз. Бір жыл бұрын балам реанимацияға өкпе ауруымен түскен. Енді сол ауруы қайта асқынып бара жатыр. Іші тоқтамай өтеді. Дәріге де тоқтамайды. Жарылысқа дейін ондай болмаған. Дәрігерлер де түсінбей жатыр. Диагноз қоя алмай жатыр» дейді Бану Құлжабаева.

Қала тұрғындарының бірі Айгүл Дәулетованың айтуынша, жарылыстан соң балаларының денесіне жара шығып, мұрны қанайтын болған. Ол дәрі-дәрмек алуға қалтасы көтермейтінін айтып, үкіметтен көмек сұрады.

«Жарылыстан кейін қызымның денесіне жара шығып кетті. Өз қалтамыздан ақша шығарып, амалдап жазып алдық. «Жарылыстан соң экология бұзылмады» дегенге сенбейміз. Арыстың әрбір отбасына үкіметтен өтемақы төленсін» деді ол.

Көпбалалы жалғызбасты ана Айман Базарбаева да бес баласының денесіне жара шығып, қиналып жатқанын айтты. Оның айтуынша, жақында арнайы комиссия келіп, тексеріп кеткен. Үш баласының денесіне шыққан жараның беті қайтқанымен, екеуінің жарасы жазылмаған.

«Жалдамалы пәтерде тұрамын. Бес баламды бірдей емдеуге, дәрі алуға шамам жоқ. Үкіметтен алатын 21 мың теңгені қайда жеткіземін? Пәтерден пәтерге тентіреп жүрміз. Ең болмаса экологияға өтемақы берсе болады ғой» деді ол ашуланып.

Әкімдік алдына жиналған әйелдер бұған қоса бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан құрылыс жұмыстарының сапасына көңілі толмайтынын айтты. Арыс тұрғыны Бану Құлжабаеваның айтуынша, «жарылыстан жаңа салынған үйінің іші мен сыртына бірдей жарықшақ түскен, бірақ комиссия оны «жарылыстан бүлінді» деп танудан бас тартқан».

«Штабтан келген комиссия мүшелері мені мазақтап, ұрсып кетті. «Тамға жарылысқа дейін жарықшақ түскен, ескі там болса бір жөн» деді. Бүгін әкімдікте осы мәселені айттым» деді ол.

Наразы бір топ әйелді Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат әкімдік залында қабылдаған. Әйелдердің айтуынша, әкім оларға «экология үшін өтемақы төленбейтінін» айтып түсіндірген. Ал құрылыс жұмыстарына көңілі толмаған әйелдерге «жақын күндері сараптама тобын жібереміз, егер жөндеу жұмыстары қажет болса, құрылысшыларды жібереміз» деп айтқан.

Жиырмаға жуық әйелдің әкімдікке талап қойып, наразылық білдіргенін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбол Әлібек растады. Оның сөзінше, Арыс қаласы экологиялық аймаққа жатады. Сондықтан «жұмыс істейтін азаматтарға ғана өтемақы төленеді». Оның айтуынша, әкімдік алдағы уақытта әйелдердің арызын тексереді.

24 маусымда Арыс қаласында әскери қойма жарылып, төрт адам қаза тапқан. Ресми дерек бойынша, ондағы оқ-дәрінің 70 пайыздан астамы жарылып кеткен. Қаладағы тұрғын үйлердің басым бөлігі бүлінген. Билік өкілдері жарылыстан бүлінген үйлерді жөндеуге мемлекет көмектеседі деп уәде берген.

Түркістан облыстық әкімдігі 9 қыркүйекте қалада 8600-ден астам тұрғын үй барын, 7 000-нан астам тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталғанын хабарлаған. Бұған дейін де кейбір тұрғындар «құрылыстың баяу жүріп жатқанын», «сапасыздығын» айтып шағымданған.

Сурет: Диляра Иса

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Балабақшада баланы шымшып, шапалақпен ұйықтатпақ болған күтуші жұмыстан қуылды

Келесі жаңалық

«Білместікпен айттым»: Андрей Малахов қырғыз тілінде кешірім сұрады

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
810
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
772
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
904
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
366
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Білместікпен айттым»: Андрей Малахов қырғыз тілінде кешірім сұрады

"Білместікпен айттым": Андрей Малахов қырғыз тілінде кешірім сұрады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
893
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
904
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
810

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
810

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
772

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
904

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
132

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.