Ұлыбритания елінде мамандар әйелдің қолының тіндерінің көмегімен тілін қалпына келтіріп берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Соңғы 8 жылда Ребекка Петтерсонның тілінде жара болған. Мамандар оған «ауыз кандидозы» деп аталатын диагноз қойған. Уақыт өте келе әйелдің бұл ауруы асқынып, ол тамақ ішуден қалады.
Былтыр әйелге биопсия жасалып, оның қатерлі дертке шалдыққаны белгілі болады. Ребекка бұл жаңалықты ауыр қабылдағанын айтады. Мұның алдында оған сүйіктісі отбасын құруға ұсыныс жасаған. Ал ол ауруы асқынып кетсе, сөйлей алмай қаламын ба деп қорыққан.
Дәрігерлер қиындықтың шешімін тауып, оған 11 сағат бойы ота жасаған. Ота кезінде тілінің зақым келген оң жақ бөлігін алып тастаған. Кейін оны әйелдің сол қолының терісі мен тамырының бір бөлігімен алмастырып берді.
Коллаж: Stan.kz