Бүгінде әлеуметтік желіде өз парақшасын аукционға қойып, бизнес жасап жатқандар жетерлік. Өнер жұлдыздарынан бөлек, медиа тұлғалар инста аккаунттарын белгілі бір деңгейге жеткен соң, кәсіпкерлерге сатып әлек. Тіпті, ғаламторда мұндай жарнамалардан көз сүрінеді. Ал IT мамандар мұндай аккаунттардың құрығына түспес бұрын, оны зерттеп, тексеріп алған дұрыс дейді. Өйткені ондағы жазушылардың жартысынан көбі «Бот» болуы мүмкін, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бүгінде инстаграм парақшасы да құдды бір бизнеске айналған. Фолловерің көбейген сайын, бағаңыз да арта түседі. Тура бір аукцион секілді. Ғаламторды ашсаңыз болды, инста парақшасын сататындардан көзіңіз сүрінеді. Бағасы да сантүрлі. Ең арзаны 30 мыңнан бастап кете береді
«Инста парақша төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі аудиториямыз 300 мың адамға жетті. Бағасы – 600 мың теңге. Бұл парақшаны өнер жұлдыздары мен блогерлер көтерді деп айтсам болады. Олар бізге 45 мың адамды жинап берді, қалғаны өздері бізге жазыла бастады. Айта кетейін, біздің оқырмандарымыздың көбісі қалталы азаматтар».
Инстагармның дәмін сезген жұлдыздар да өз аудиториясын кеңейтіп әлек. Түрлі жарнама салып, табыс табуда. Тіпті, жазылушылар саны 1 миллоннан аса болды, аукционға салады. Осыдан бірнеше жыл бұрын танымал әнші Мақпал Исабекова өз парақшасын 1,5 миллон теңгеге бағалап, сатып жіберген болатын. Ал, кәсіпкер Бәкір Базарбаев бұл үрдісті қолдайды. Оның пайымынша, бұл да ыждаһаттылықты қажет ететін қып-қызыл еңбек. Өйткені, аудитория жинаудың өзі оңай шаруа емес.
«Қазір 1 аккаунт сатып жатырмыз, себебі бизнесті сатып жібердік, өздеріміз ашамыз деді. Оның қажеті жоқ, жарнамаға қойып, сатуға шығардық. Оның ақысы оған жұмсалған ақысының 3/1 бөлігі. Бір жылдың шамасында 40 мың подписчик жинадық», – деді кәсіпкер Бәкір Базарбаев.
Ал IT мамандар инста парақшаны сатып алмас бұрын, бірнеше фактіге назар салған дұрыс дейді. Өйткені жұлдыздардың да, өзге де медиа тұлғалардың аккаунттары «Бот» болуы әбден мүмкін. Ол дегеніңіз…
«Бот» дегеніміз – өздігінен лайк қоятын инструменттер. Инстаграм парақшалар дамып жатыр, ол трендті түсініп, лайктары комментеріне толық мән беріп. 1 млн анықтау үшін тірі қолданушылар, бот коммен қарайды», – дейді ІТ маман Әлібек Полатов.
Статистикаға жүгінсек, әлем жұртының 60 пайызға жуығы күніне инстаграмды бір рет қарайды екен. Сондықтан да өзге пабликтерге қарағанда бұл әлеуметтік желінің айы оңынан туып тұр.
«Қазіргі тенденция, жұлдыздардың пиғылдағы әрекеттерінен бізді сақтандыратын, ол біздің – ішкі иммунитетіміз. Біз білімді өнегелі, тәрбиелі өзіне сенімді жандар, мұндай ойыншығына айналмайды. Қолындағы табыс құралына, немесе ойыншығына айналмау үшін алдымен жалпы білімді, ақпаратты сараптайтын деңгейіміз болу керек», дейді қоғам белсендісі Айша Құрманғали.
Осылайша, инстаграм парақшасы сізді әп-сәтте танымал етіп, бизнесіңіздің дөңгелетуіне ықпал ететіні сөзсіз. Тек ол аккаунт қаншалықты сапалы? Ондағы фолловер шынайы ма? Ақшаңыз далаға кетпесін десеңіз, арнайы бағдарламаға арқылы тексеріп алған жөн, дейді мамандар.