Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елінде өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын алған Бекзат Нұрдәулетовті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан Әлем Чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!» – деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшының алтын алғаны туралы хабарлаған едік.
Сурет: prosports.kz