Жуырда марқұм Жанар Хамитовамен дуэт айтқан Рысбек Аташ оның соңғы өтініші туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
18 қыркүйек күні Жанар Хамитованы соңғы сапарға шығарып салған досы оның соңғы өтініші туралы айтып берді. Әнші көзі тірісінде әнші Нұржан Керменбаевпен кездесуді қалаған.
«Жанар маған «Нұржанмен кездестірші» деп өтініш айтты. «Брге ас ішіп, бұрынғыдай сөйлессек» деді. Ол «Астарлы ақиқатта» Нұржан туралы артық айтып қойдым деді. Осы сәлемін жеткізгенімді қалады», – деді әнші Рысбек Аташ.
Әншінің айтуынша, Жанар Хамитова барлығын жүрегіне жақын қабылдайтын, өте нәзік жан болған.
«Ол көшеде кетіп бара жатқан мысыққа дейін құшақтап алатын. Бәріне көмектесуге ұмтылатын. Сондай шынайы жан еді. Оның өлімі туралы жаңалық хайп болса екен деп іштей тіледім», – дейді марқұмның әріптесі.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Нұржан Керменбаев Жанар Хамитованың өзінен кешірім сұрағанын айтып, отбасын мазаламауды өтінген болатын. Сондай-ақ, 16 қыркүйек күні әншінің өзіне қол салып көз жұмғаны белгілі болды.