Reddit желісіне lexxi185 атымен тіркелген ару сүйіктісі ұсынған удай қымбат жүзіктен бас тартқанын жазды. Ол мұның орнына қарапайым жүзіктің де жеткілікті екенін айтады. Алайда жігіті онымен келіспейді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Бойжеткен өзін ертегілердегі ханшайым сезінгісі келмейтінін, аса қымбат жүзіктерді көп ұната бермейтінін айтты.
«Жүзік ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдында белгілі бір міндеті барын білдіреді. Алайда бұл жүзіктің арзан әрі қарапайым болғаны ешнәрсені өзгертпейді деп ойлаймын», – деді юзер.
Әрі қарай ару әшекейлерін жоғалтып ала беретіндіктен, бриллианттарды ұната бермейтінін айтты.
«Мен жүзік таңдауға уақытымды да, ақшамды да құртқым келмейді. Интернеттен қарапайым біреуін таптым. Алайда жігітім менің пікіріммен келіспей отыр. Жүзіктің тым қарапайым екенін айтты», – деді ол.
Сондай-ақ, бойжеткен сөз соңында жігітінің әлі де қымбатырақ жүзік алуға оқталып отырғанын айтты.