Өзінің бір күн бұрын ғана гей екенін мойындаған жас жігітті өлтіріп кетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Настоящее время» басылымына сілтеме жасап.
Ташкент қаласында белгісіз біреулер 25 жастағы Шокир Шавкатовты өлтіріп кетті. Бұдан бір күн бұрын ол әлеуметтік желідегі парақшасында гей екенін айтқан болатын. Қылмыстан кейін полицияның күдіктілерді қамауға алғаны айтылды.
ЛГБТ клубында танымал болған жігітті 12 қыркүйек күні өлтірген. Клубтан 40 жас шамасындағы екі ер адам алып кетіп, белгісіз пәтерге алып барған. Марқұмның досы ер адамдардың оны соққыға жығып, кейін өлтіріп тастағанын айтты. Сондай-ақ, Шокир Шавкатовтың денесінде пышақ жарақаты болғаны белгілі хабарланды.
Екі күн бұрын полиция клубқа баса көктеп кіріп, оншақты гейді құрықтаған. Ал Шокирді шығарып алған 40 жастағы екі ер азамат өзін полицейміз деп таныстырған көрінеді. Марқұмның досының пікірінше, бұл оқиға жігіттің жыныстық көзқарасына байланысты болған.
2018 жылдың мамырында Өзбекстан ЛГБТ қауымдастығына қатысты БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі 11 ұсынысын қабылдамады. Өзбекстанның адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов өзбек билігінің шешіміне түсінік бере отырып, қабылданбаған ұсыныстар республиканың Қылмыстық кодексінің 120-бабына қайшы екенін айтты.