«Қазагро» холдингі мемлекеттен тағы көмек алатын болды. Бұл ретте 60 млрд теңге сұрап алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Компания табысқа емес, шығынға батып жатыр. Жұмбақ бір құрылым деуге болады. Құтты Бермуд үштағаны сияқты. Ақша түседі де, ізімғайым жоғалады. Енді тағы 60 миллиард сұрап отыр», – деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Телеарнаның мәліметінше, былтырдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен. Алайда осыған қарамастан депутаттар қаржылай көмек беруге шешім қабылдады.
Ал қазынаның қомақты қаржысы «Қазагроны» дамытуға емес, әлі сол жұмыс жүйесін реттеуге жұмсалмақ. Мысалы, құрамындағы еншілес компаниялар қысқарып, мың адам жұмысынан босатылады. «Қазагро» жүздеген миллиард қарызын 2020 жылдың соңына дейін осылай жоймақшы екен.