Оңтүстік Кореяда тұратын 6 жастағы блогер қыз өзіне 5 қабатты үй сатып алды. Ал бұл үйдің құны 8 млн доллар тұрады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Бүлдіршін сатып алған зәулім үй Сеулдің ең қымбат Каннамгу ауданында орналасқан. Кезінде осы ауданға арнап Gangnam Style әні жарыққа шыққан еді.
6 жасар Борам желіде үй сатып алмай тұрып танымал болды. Оның Boram Tube Vlog, Boram Tube ToyReview сынды екі арнасы бар. Біріншісінде ол өмірінен алынған оқиғаларын баяндаса, екіншісінде ойыншық үлгілерін жасайды. Аудиториясы 34 млн адамды құрайды.
Бүлдіршін арнасы арқылы 3 млн долларға жуық табыс табады. Оның бесқабатты үй сатып алуының да мәні осында. Алайда әзірге үй оның ата-анасының атында. Келісімшарт 2019 жылдың 3 сәуірі күні жасалған.
Желі қолданушыларының бірі оның әрекетін қоштаса, екіншілері ата-анасына қатысты теріс пікірде. Айтуларынша, мұндай танымалдылық балаға кері әсерін тигізуі мүмкін.