Адамдарды малша қуып, көлікпен басқан екі жігіт туған ағайынды көрінеді. Кешелі-бері олардың анасы үндеу жариялап, болған оқиғаға қатысты өз уәжін айтуда, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Темір тұлпарға тапталып, өліп қала жаздаған үшеудің бірі тура сол маңдағы түнгі компьютерлік орталықтың қожайыны. Бала-шағаларын үйлеріне жеткізіп, ойынға кіріскен. Тек бейтаныс азаматтар өзгемен өздерін шатыстырды, дейді.
«Құрметті, қазақстандықтар! Мен Жандос пен Дінмұхамед Әликеевтің анасымын. Ұлдарым мүлдем ішпейді. Көп болса, екі стақан ішетін шығар. Алайда, бұл оның шегі. Оны тәртіпсіз әрі жанжалқой деп сипаттап жатыр. Бірақ, мен өзім одан мұндай қасиеттер байқаған емеспін», – деді күдіктілердің анасы Нәзира Әликеева.
Бірақ, барынша ұлдарын желіде ақтаған ана журналистермен тілдесуге үзілді кесілді қарсылық танытуда. Әйтеуір адвокат жалдап, қос ұлына тағылған айып дейді. Әуелі 24 жастағы балама тиіскен үлкен ер азаматтар деп бет бақтырмауда. Ал, зардап шегуші тарап, Әликеевтер әулетінің кешірім сұрап алдарына келмегенін айтады. Сондықтан, тергеудің әділ әрі жан-жақты болғанын талап етуде.
Естеріңізге сала кетсек, көлік қойша қағып өткен ер азаматтардың бірінің беті бері қарай бастағаны туралы хабарлаған едік.