Жуырда АҚШ президентінің ұлы Моңғолия даласында бір апта бойы киіз үйде тұрғаны туралы жазған болатынбыз. Енді білсек, Трампты қонақ қылған этникалық қазақ екен, деп жазады Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Моңғолия даласында өзінің ерекше бизнесін дөңгелентіп отырған этникалық қазақтың есімі Жандос Қоңтарбай. Ол төрт жылдан бері жазық далада киіз үй тігіп, түрлі қонақтарды төріне шақырып, есте қаларлықтай демалыс ұйымдастырып жүр. Бұл отбасылық бизнес екен. Оның әйелі ас үйді басқарып, тазалыққа жауап береді. Тазалық жұмыстары мен тамақ пісірумен айналысатын тағы бірнеше жұмысшылар бар.
Қонақтарының арасында танымал кісілер де бар. Мысалы, жуырда ғана Жандостың қонағы болып, қымызын ішіп, атымен серуендеген АҚШ президенті Трамптың ұлы. Ол осы жерде демалған басқа туристерден естіп, келген екен.
Жандостың сөзінше, Трамп өте қарапайым адам. Ол кірленіп қалудан қорықпастан, баптпаққа батқан көлікті шығаруға көмектесіп, жаңбыр суы өткен киіз үйдің шаңырағын да жөндеген. Кіші-Трампқа қазақтың ас үйі, әсіресе үй қаймағы пен шелпек қатты ұнап қалған. Бешбармақтың да дәмі ұнапты, алайда ол қуырдақты көбірек ұнатқан.
Ерекше туристік агенттік Моңғолияның Баян-Өлгей ауылында орналасқан. Мұнда барлық дерлік тұрғындар – этникалық қазақтар және бәрі қазақ тілінде сөйлейді.
Жандостың айтуынша, мұнда демалуға келетін еуропалықтар мен америкалықтар сәулетті қонақ үйлерден шаршаған. Қалалық өмерден демалғысы келетіндер мұнда гаджеттерін өшіріп, атқа мініп серуендейді және бүркіт аулап, киіз үйде тұрады.