Америкада полицей тынысы тоқтап қалған 1,5 жасар сәбиді құтқарып қалды. Оның сәбиді аман алып қалған сәті бейнебақылауға түсіп қалған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Fox17 Nashville сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 21 тамыз күні Скоттсвилл қалашығында болған. Джеймс Тэлботт есімді полиция қызметкері кішкене Эйден Кингтің көгеріп, тынысы тарылып жатқанын көреді. Ол бірден сәбиді құтқаруға кірісіп, тыныс жолдарын тазалап, артынша жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Осыдан кейін сәби қайта тыныс ала бастады.
Артынша сәби шұғыл түрде жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, егер балаға дер кезінде көмек көрсетілмегенде, ол тірі қалмайтын еді.
2020 жылдың мамыр айында Тэлботты адам өмірін құтқарғаны үшін марапатқа ұсынып, медаль беріледі.