Сенбі, Сәуір 17, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Екі сиыр елді құтқаруға дайын»: Нұр-Сұлтанда монстрация өткізбек болғандарға полиция айыппұл салды

Тамыз 26, 2019
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
«Екі сиыр елді құтқаруға дайын»: Нұр-Сұлтанда монстрация өткізбек болғандарға полиция айыппұл салды
Поделиться на Facebook

25 тамыз күні Нұр-Сұлтандағы «Хан шатыр» ойын-сауық кешені алдында монстрация қойылымын өткізбек болған бірнеше адамды полиция ұстап әкетті. Бұл туралы олар желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Олардың бірі – «Қаhарман» қозғалысының мүшесі Әлия Ізбасарованың айтуынша, өздері жоспарлаған шараға суреттер мен басқа да заттарын әзірлеп апарған жастардан ойын-сауық кешені алдына барған полиция мен әкімдік өкілі «митингіні доғаруды» талап еткен. Бұл жерге митинг емес, әзіл-сықақ шарасын өткізуге жиналғанын түсіндірмек болған жастарды полиция автобусына салып, «Хан шатыр» маңынан алып кеткен.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Біз тек әзіл-сықақ мазмұнында әзірленген плакаттарымызды шығарып, біраздан соң тараймыз деп ойлағанбыз. Бірақ әкімдік өкілі мен полиция ескертуінен кейін кетуге жинала бастадық. Полиция өкілдері бізді аялдамаға дейін «шығарып саламыз» деп айтты да, автобусқа салып полиция бөліміне әкетті. Кейін әрқайсымызға хаттама толтырған соң босатты», – дейді Әлия Ізбасарова.

Оның сөзінше, жастар шара өткізуге әзіл-сықақ жазылған плакаттардан бөлек екі сиырдың костюмі мен

«Екі сиыр елді құтқаруға дайын» деген орысша жазуы бар баннер дайындап апарған. «Плакатымызды да, басқа заттарымызды да түгел полиция алып қойды» дейді Анастасия Гузева.

Асқар Абаев, Анастасия Гузева, Лейла Қалабаева, Жанбота Әлжанова, Әйгерім Мұхамеджанова, Әлия Ізбасарова, Айжан Қасымова, Елизавета Цой мен Дана Бегазинованы Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық полиция басқармасына қарасты 18-бөлімшеге жеткізіп, олардан түсініктеме алған. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-бабы бойынша «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбағаны» туралы әкімшілік хаттама толтырған.

Полиция бөлімшесінде белсенділердің бірі Жанбота Әлжанованың денсаулығы нашарлаған соң, оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға алып кеткен.

Полиция бөлімшесінде дәлізде отырған прокурор Айдан Омаров «Ханшатыр» кешені жанынан жеткізілгендердің барлығы үйлеріне қайтып кеткенін айтты. Ал кезекші полиция қызметкері Абай Батырқұлов қыздарды босатып қоя бергендерін, бөлімше ішінде тек бір жігіттің қалғанын хабарлап, бұдан басқа ақпарат беруден бас тартты.

Белсенділердің адвокаты Ольга Эннің сөзінше, полиция өкілдері оған «учаскеге жеткізілгендерге хаттама көшірмесі ұсынылғанын, бірақ олардың алудан бас тартқанын» айтқан.

«Әрине, ешкімге ештеңе ұсынбағаны белгілі. Бұлар сол хаттамаға сәйкес айыппұл төлейді, бірақ біз міндетті түрде шағымданатын боламыз», – деді заңгер.

«Қаhарман» қозғалысының белсенділері 24 тамызда Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларына «Ханшатыр» ойын-сауық кешені жанындағы Nur Sultan жазуы алдында әзіл-сықақ шарасын (монстрация) өткізетіндерін хабарлап, жұртшылықты оны тамашалауға және өз үлестерін қосуға шақырған. Олар шара барысында Қазақстанның бұрынғы президенті, биліктегі «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен партия жиынында мемлекеттен жәрдем сұраған тұрғындарды «үкіметке қол жаяды» деп сөгіп, «микрокредит алып екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра» деп айтқан сөзіне байланысты әзіл-сықақ көрініс қоюды жоспарлаған.

Монстрация дегеніміз «демонстрация» сөзінен шыққан. Сондай-ақ, ол латын тілінен аударған кезде monstratio – «көрсету» деген мағынаны білдіреді. Бұл – түрлі ұран, транспарант көмегімен наразылық білдіруге ұқсайтын көркем акция.

Бөлісу23ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Көлік 3 адамды әдейі қағып өтті: Зиян шеккендер аман ба

Келесі жаңалық

Алматы облысында әкімге кірмек болған әйелге оқ атылды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
890
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
848
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
997
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
391
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматы облысында әкімге кірмек болған әйелге оқ атылды

Алматы облысында әкімге кірмек болған әйелге оқ атылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
997
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
890
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
848

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.