Жұма, Сәуір 16, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Құр сүйегі қалған»: Өгей әкесі қараусыз қалдырған 4 жасар қыз ВИЧ жұқтырып алды

Тамыз 16, 2019
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
«Құр сүйегі қалған»: Өгей әкесі қараусыз қалдырған 4 жасар қыз ВИЧ жұқтырып алды
Поделиться на Facebook

Ақтөбеде ВИЧ жұқтырып, сал ауруына шалдыққан 4 жасар қыз бір апта бойы қараусыз қалған. Шешесі қайтыс болған соң, өгей әкесі мен ағайындары балаға бас-көз болудың орнына, ішімдік ішуден қолдары тимеген. Тіпті, ешкім біліп қоймасын деп қызды жасырып қойған дейді көршілері. Әбден арып-ашып, әлсіреп, кір-қожалақ болған бала туралы да көмек сұрап, дабыл қаққан солар екен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

4 жасар қыздың тек құр сүлдері қалыпты. Бүлдіршіннің қараусыз қалғанын көршілері еріктілерге айтады. Қоңырау түскен бойы инспекторлар да айтылған мекенжайға келген.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Баланың әлсіздігі сондай, жылағанда дауысы шықпай, қарлығып жатты. Шашы ұйпа-тұйпа, кір-қожалақ, төрт жастағы бала деуге аузың бармайды, құр сүйегі қалған. Оған ешкім күтім жасамағаны көрініп тұрды», – дейді еріктілер ұйымының жетекшісі Екатерина Голотина.

Полицейлер баланы ішімдікке сылқия тойып алған адамдардың арасынан алып шығып, сәбилер үйіне орналастырған. Мамандар оның жағдайы орташа ауыр деп отыр. Үш күннен бері еріктілерден басқа, бірде-бір туысқаны іздеп келмепті. Ем тағайындау үшін медициналық тексеруден өткізіп жатыр.

«Бала сал ауруы бойынша диспансерлік есепте екен. Туғаннан кейін 2015 жылы жүрек ақауы бойынша Астанада оперативті ем жасалған. ВИЧ-инфекциясы диагнозы ғой, сол аурумен мамасы ауырған, сол күйі туған бала, сол бойынша да баланы дәрігерлер есепке қойды», – дейді «Үміт» сәбилер үйінің бөлім меңгерушісі Нұргүл Сарманова.

4 жасар қыз-тұлдыр жетім. Бір апта бұрын анасынан айырылған. 28 жастағы келіншектің неден қайтыс болғаны белгісіз. Азаматтық некедегі күйеуі жүрегі кенеттен тоқтап қалғанын айтқан.

Марқұм келіншектің азаматтық некедегі күйеуінен екі айлық қызы болған. Бірақ, он күн бұрын өкпесі қабынып, шетінеп кеткен. Полицейлер келіншек ВИЧ дертімен есепте тұрғанына қарамастан, ем-домға уақытылы бармады дейді. Ал 1-топтағы мүгедек қызы үшін отбасы ай сайын 80 мың теңге жәрдемақы алып отырған.

«Біз келіп баланы алып кеттік. Өгей әкесіне берілмейді. Қалған тумалары ішімдікке салынып кеткен. Сондықтан, оларға да берілмейді», – дейді қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Салтанат Күшқалиева.

Көршілерінің өзі бұл отбасымен «байланыспауға тырысамыз» деді. Айтуларынша, ешқайсының тұрақты жұмысы жоқ. Марқұм келіншектің азаматтық күйеуі бұрын да істі болып, сотталған. Кішкентай қыздың ендігі тағдыры арнайы комиссияның қолында.

Бөлісу5ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Түнгі кездесуге шақырған: Қыздың ағалары жігітті тірідей көміп тастады

Келесі жаңалық

«Цехта мәйіттерді өртеп жатыр»: Ақмола облысы тұрғындары шу шығарды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
881
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
840
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
988
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
391
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Цехта мәйіттерді өртеп жатыр»: Ақмола облысы тұрғындары шу шығарды

"Цехта мәйіттерді өртеп жатыр": Ақмола облысы тұрғындары шу шығарды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
988
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
881
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
840

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.