Жексенбі, Сәуір 18, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Алматы облысында балаға қатыгездік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды

Тамыз 15, 2019
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Алматы облысында балаға қатыгездік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды
Поделиться на Facebook

Алматы облысында балаға қатыгездік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемесіндегі келеңсіз жайт бейнебақылау камерасына жазылған. Оқиға 14 тамызда Іле ауданы Байсерке ауылындағы балабақшаның бірінде болды. 1,5 жастағы балақайдың ата-анасы тәрбиешінің үстінен арыз жазған. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысында 1,5 жастағы сәбиге күш көрсеткен тәрбиеші балабақшаның қызметкері. Оның қатыгездік әрекеті бейнебақылау камерасына жазылған. Түскі астан соң балаларды ұйықтатқан сәтте балақайды ұрып жатқызғаны анық көрінеді. Ағалы-інілі бауырлар бір күн бұрын ғана осы балабақшаға қабылданған. Кешке қарай кіші ұлының қызарған қолын көріп анасы дабыл қағады. Болған жайтты балабақша меңгерушісіне дереу жеткізіпті. Алайда кіші топқа бекітілген тәрбиешінің көмекшісі кінәсін мойындамаған.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Мен ешқандай қолымды тигізген жоқпын. Ешқандай жарақат жасамадым» дегеннен кейін, ол кісінің бейнежазбаны көрейін дегеніне қарсылық білдірмедім. Екеуіміз бірге отырып көрдік. Көрген кезде жаңағы жағдайды байқадым. Енді «Кешірім сұраймын. Алдынан өтемін» деп отыр”, – дейді балабақша меңгерушісі Гүлфариза Қасымбекова.

Балабақша меңгерушісі Гүлфариза Қасымбекованың айтуынша, мұнда 150 бала тәрбиеленеді. 2013 жылы ашылған балабақшада осындай келеңсіздік ешқашан болмаған.

«Мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырмын. Енді маған бұл өте ауыр болып тұр. Ол қызды тамыздың басында ғана сынақ мерзімімен жұмысқа алып едім. Өзі «арнаулы педагогикалық колледжді бітіріп келгеннен кейін, қалада бір-екі жерде жұмыс істеп келдім» деген соң, шамалы еңбек өтілі бар, балабақшада жұмыс істей алады ғой деп алып едім. Кішкентай топты енді жасақтап жатқанбыз. Ол жерде 10-12 ғана бала бар”, – дейді балабақша меңгерушісі.

Жалпы Байсерке ауылдық округінде 23 балабақша болса, соның біреуі ғана мемлекетке тиесілі. Жекеменшік балабақшадағы жайтты естіген ата-аналар шошып отыр.

«Мына жағдай мені шошытты. Осындай қатыгез адамды бала тәрбиелеу ісінен мүлдем аластату керек. Өздеріңіз білесіздер, ауылда бала күтушісін табу өте қиын. Мұнда жиі кадр ауысқанымен, балабақшаның жұмысы мен тамағы көңілімнен шығады. Мен 2 баламды осы балабақшаға беремін”, – деді Жанар Қасенова.

Зардап шеккен бөбектің ата-анасы сұхбат беруге құлық танытпады. Бүгін екі ұлын да балабақшаға әкелмеген. Бір анығы болған жайтқа қатысты прокуратураға арыз жазған. Тергеу басталды. Небәрі 10 күн бұрын жұмысқа орналасып, кішкентайға қол жұмсаған Аида есімді тәрбиеші ұшты-күйлі жоқ. Ұялы телефоны сөндірулі. Ал, Іле аудандық білім бөлімінің өз бетінше шара қолдануға құзыры қысқа. Прокуратурадан пәрмен түсуі тиіс.

«Іле аудандық прокуратурасына барып жолықтық. Сол жерге ата-анасы келіп отыр екен. Мән-жайдан сонда хабардар болдық. Қазір тәрбиеші жұмыстан босатылды. Сот шешімі бола ма, жоқ, прокуратураның бізге ұсыныс хаты келе ме, соған қарап біз шара қолданамыз», – деді Іле аудандық білім бөлімінің бас маманы Арайлым Төлеубекова.

Аудандық білім бөлімі жекеменшік балабақшаның жұмысына араласа алмайды. Себебі, аты өзі айтып тұрғандай жекеге тиесілі. Қазір жекеменшік балабақшадағы қатыгездікке қатысты істі Іле аудандық прокуратурасы қолға алды. Алдағы уақытта құзырлы органның ұсынысымен балабақшаның қожайынына әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Бөлісу5ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Тасмағамбетов қызметінен босатылды

Келесі жаңалық

Павлодарда әйел балаларын көліктің төбесіне отырғызып жүрген

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
925
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
885
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1k
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.2k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
60
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
414
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Павлодарда әйел балаларын көліктің төбесіне отырғызып жүрген

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1k
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.2k
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
885
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
925

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
60
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.