Батыс Қазақстан облысында прокурорлардың ісі тексеріліп жатыр. Куәгерлер желіде тарап кеткен видеода далада дәрет сындырып тұрған прокурорлар екенін айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Куәгерлердің бірі тиісті емес жерде дәрет сындырып тұрғандарды видеоға түсіріп алған. Өздерін телефонға түсіріп тұрғанын көрген олар бірден іш киімін кие бастайды.
«Ерлан Бердіғалиев қоғамдық орында дәрет сындырып тұр. Маңында балабақша мен мектептер бар. Балалар жүретін жер», – деді видеодағылар.
Жігіттің айтуынша, өзінің телефонын тартып алмақ болған. Тіпті, соңынан қуып барып, боғауыз сөздер айтқан. Енді прокурорлар ісі тексерілмек.